"ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ" уақытша қызметіне БОС ОРЫН ЖАРИЯЛАНАДЫ!
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жиенбет негізгі мектебі» КММ
БОС ОРЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ:
1. Лауазым: тарих пәні мұғалімі
2.Жүктемесі: 16 сағат
3. Лауазымдық жалақысы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы «Мемлекеттік ұйымдар Педагогтарінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» № 191 бұйрығына сәйкес есептеледі
4. Өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жиенбет негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
5. Мекеменің мекен-жайы: Жиенбет ауылы, Тлеуғабыл көшесі 11, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жиенбет негізгі мектебі» КММ.
Біліктілік талаптары:
тиісті бейін бойынша арнаулы орта немесе жоғары білімінің болуы.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
Құжаттарды қабылдау мерзімі 13.08.2023-23.08.2023жж. аралығы
Байланыс телефоны: 8 (72643) 5-10-56
Электрондық пошта:
Jienbet@yandex.kz